
20 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт бұзылып, қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей аудандарда жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетіп, түнде ауа температурасы 17 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Қазгидромет ШҚ филиалының мәліметінше, түнде облыс аумағында қар жауып, бұрқасын соғады.
Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғады. Жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Осыған байланысты ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден тыс сапарды кейінге қалдырған жөн. Жолға шығу қажет болған жағдайда жылдамдық режимін сақтап, арақашықтықты ұстану ұсынылады.
Фото: ашық дереккөз