
«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 4 ақпанда өңірде қар жауып, боран соғады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, ал облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Еске саламыз:
- қатты жел кезінде ғимараттардың қабырғаларының маңына тығылмаңыз, себебі шатыр жабындарының құлап кету қаупі бар;
- қоғамдық көлік аялдамаларының артында, жарнама қалқандарының жанында және ағаштардың астында тұрмаңыз;
- электр беру желілерінің маңында болмаңыз.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.