
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 20 ақпанда түнде облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
Өскемен қаласында түннің бірінші жартысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Түнде ауа температурасы 15-17 аязға дейін күрт төмендейді деп күтілуде.
ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райы болжамы кезінде халықтан елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.
Егер сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаса, маршрут бойынша жүру кезінде жол ережелерін қатаң сақтаңыз: жылдамдық режимі және қашықтық.
Жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылаңыз – мұны «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы жасауға болады.
Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.
Желдің қатты екпіні кезінде ескі және жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыз, олардың жанында көліктер тоқтамаңыз. Сымдар мен шайқалып тұрған заттарға жақын бармаңыз
Бірыңғай құтқару телефоны - 112.