
«Қазгидрометтің» хабарлағанындай, бүгін 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт суытып, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кей өңірлерде оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжауынша, түнгі уақытта облыстың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы – 42 градусқа дейін төмендейді. Өскемен қаласында да тұман түсуі ықтимал.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға елді мекендерден тыс жерлерге шығудан бас тарту ұсынылады. Егер жолға шығу қажет болса, автожолдардың жай-күйін алдын ала нақтылап, көлікті сапарға мұқият дайындау қажет.
Мамандар адамдарға өзімен бірге байланыс құралдарын, қосалқы батареяларды, сондай-ақ азық-түлік, сіріңке, жылы киім, қол шамы және термосқа құйылған ыстық шай алуға кеңес береді. Көлік багын толық бензинмен толтырып, қосымша жанармай құятын ыдыс алып жүрген жөн.
Жеке тұрғын үйлерде пеш жағу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау маңызды. Пешті жиі жаққанмен, оның аралық уақыты 1,5 сағаттан аспауы тиіс. Ұйқыға жатардан кемінде екі сағат бұрын от жағуды тоқтату керек. Қосымша электр жылытқыштарын пайдаланғанда өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу сұралады.