Шығыс Қазақстан аумағында қар мен бұрқасын күтіледі

Жаңалықтар / Төтенше жағдай 27-01-2026, 08:00 2 0

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар мен бұрқасын күтіледі. Солтүстік және оңтүстік аймақтарда тұман түседі. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және жолда барынша сақ болуға шақырады. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, жылдамдықты асырмау және арақашықтықты ұстану ескертіледі.


Сондай-ақ, қатты жел кезінде жарнама қалқандарының, ағаштардың, электр желілерінің маңында тұрмау және автокөліктерді олардың астына қоймау қажет.


Автожолдардың жай-күйі мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасынан алуға болады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.


Фото: ашық дереккөз

 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив