ШҚО-да ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Жаңалықтар / Төтенше жағдай 19-02-2026, 07:30 1 0

Шығыс Қазақстан облысында 19 ақпанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, облыстың солтүстігінде жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ және кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz  тілшісі. 


Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.


Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолында қозғалысқа шектеу енгізілді. Сағат 09:00-ден бастап қар аралас жаңбыр, екпінді жел және көрінудің шектелуіне байланысты 15–105 шақырым аралығында (Белоусовка кенті – Риддер қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынады.


Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қолайсыз ауа райы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруға шақырады.


Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.


 

 

 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив