
Қазгидрометтің Шығыс Қазақстан филиалы мәліметінше, 27 наурыз күні облыстың бірқатар аумағында ауа райының қолайсыз құбылыстары болжануда, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz.
Синоптиктердің хабарлауынша, түнде және таңертең облыстың солтүстік бөлігінде көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар, түнгі және таңғы уақыттарда солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жүргізушілерге жолда жылдамдықты шектен асырмай, арақашықтықты қатаң сақтау ұсынылады. Ал жаяу жүргіншілерге тайғақ жолда абай болып, жарақат алу қаупін азайту үшін қажетті сақтық шараларын қабылдау қажет.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарласу сұралады.
Фото: depositphotos.com