
Синоптиктердің болжамынша, облыс аумағында алдағы күндері ауа райы құбылмалы болып, кей уақытта тұман мен көктайғақ байқалады, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
16 наурыз күні түнде Өскеменде ауа температурасы -2…-4°C шамасында болады. Аспан ала бұлтты болып, қар жауып, кей жерлерде көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, айтарлықтай күшеймейді.
Күндіз ауа температурасы шамамен -1°C болады. Аспан ала бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді.
17 наурызда түнде күн салқындап, температура -10…-12°C дейін төмендейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с шамасында болады.
Күндіз ауа температурасы -1…+1°C аралығында сақталып, жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы күтіледі.
18 наурызда да түнгі уақытта -10…-12°C суық болады. Ауа райы ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыс желі 2–7 м/с жылдамдықпен соғады.
Күндіз температура -1…+1°C шамасында болады.
Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша 16 наурызда өңірдің солтүстігінде қар жауып, төменгі боран, көктайғақ және тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -6…-11°C, ал шығыс бөлігінде -16…-21°C дейін төмендейді. Күндіз -2…+3°C, шығысында -6°C шамасында болады.
17–18 наурыз күндері облыс бойынша жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болуы мүмкін. Түнде температура -10…-15°C, ал шығысында -18…-23°C дейін төмендейді. Күндіз -3…+2°C, облыстың оңтүстігінде +6°C-қа дейін жылынады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Мамандар жолда көктайғақ пен тұман болуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Фото: ашық дереккөз