
Алдағы 20 наурыз күні Бозанбай ауылындағы орталық алаңда Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтеді. Ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі ұлттық дәстүрлерге бай спорттық ойындар мен мәдени іс-шаралардан ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Мерекелік іс-шараның бағдарламасы:
· «Наурыз – жыл басы» керуен көрінісі – Қыдыр ата бастаған түйелі керуен, ұлттық киім киген ауыл тұрғындары мен ұжымдар, жылқылы жастар көшенің басынан орталық алаңға дейін шеру жасайды.
· Ашылу салтанаты – Құрметті қонақтар, ауыл белсенділері және ауыл әкімінің құттықтау сөзі.
· Мерекелік концерт – ауылдық округ мекемелерінің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламалар.
· «Ұлыс оң болсын!» көрмесі – ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, наурыз көже тарату.
· Ұлттық спорт ойындары – ешкі көтеру, қой көтеру, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, тай көтеру, аударыспақ.
Наурыз мерекесі – халқымыздың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін ұлықтайтын, қоғамды біріктіретін үлкен шара. Баршаңызды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Ұлыстың ұлы күні барлықтарыңыздың үйіңізге бақыт пен береке әкелсін!
Қосымша ақпарат алу үшін «Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің басшысы А. Сергазинаға 8 777 981 2497 және 8/72338/77-217, 8/72338/77- 247 байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады.
Фото: Ұлан ауданы әкімдігі