
Бүгін мұсылман қауымы үшін ерекше әрі қасиетті түндердің бірі – Қадір түні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараты бойынша биыл бұл кезең 16 наурыздан 17 наурызға қараған шаққа сәйкес келеді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Ислам дәстүрінде Қадір түні – мың айдан да қадірлі, сауапқа толы ерекше уақыт саналады. Осы түнде мұсылман мешітке барып, құлшылық жасап, дұға тілеп, қасиетті кітап – Құран оқып, рухани тазалыққа мән береді.
Еліміздің барлық өңіріндегі мешіттерде, соның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен арнайы діни бағдарламалар өтеді. Қадір түнінде жамағатқа уағыз айтылып, Құран оқылып, көпшілікпен бірге дұға жасалады.
Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы биыл 19 ақпанда басталған болатын. Бұл ай мұсылмандар үшін ораза ұстап, сабыр мен мейірімділікті арттыратын, сауапты істер көбейетін ерекше кезең болып саналады. Ал Қадір түні – сол қасиетті айдың ең маңызды әрі сауапты түндерінің бірі.
Фото: жасанды интеллект