Референдумда дауыс берген Қазақстан азаматтарының 87,15% жаңа Ата Заң жобасына қолдау білдірді

Жаңалықтар / Қоғам 16-03-2026, 13:00 1 0

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі. 

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады. 


Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % құрады.


Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 % құрады.


Фото:ОРК

 

 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив