Нұрымбет Сақтағанов: Болашақ үшін берілген дауыс – ел дамуының кепілі

Жаңалықтар / Қоғам 15-03-2026, 12:30 1 0

15 наурыз күні өтіп жатқан республикалық референдум Шығыс Қазақстан облысында жоғары ұйымшылдықпен әрі белсенді түрде өтуде. Өңір тұрғындары таңғы сағаттардан бастап дауыс беру учаскелеріне келіп, жаңа Конституция жобасына қатысты өз таңдауларын білдіруде. Маңызды саяси науқанға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz  тілшісі  Altainews.kz сайтына сілтеме жасап.


Аймақ басшысы Өскемен қаласындағы №42 орта мектеп ғимаратында орналасқан №9 референдум учаскесінде дауыс берді. Ол референдумға отбасымен бірге келіп, белгіленген тәртіпке сай дауыс беру рәсімінен өтіп, өз таңдауын жасады.


Нұрымбет Сақтағанов бұл маңызды саяси науқанның ел болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамның дамуы мен мемлекет келешегі әр азаматтың белсенділігіне тікелей байланысты.


— Мүмкіндігінше осындай маңызды сәттерде отбасымызбен бірге болуға тырысамыз. Әдетте ата-анамыз бірде Астанадағы ағамның, бірде Қызылордадағы інімнің, бірде менің қасымда болады. Биыл бәрі сәтімен келіп, ата-анамыз да Шығыста, жанымызда. Сондықтан бала-шағамызбен бірге келіп, дауыс бердік. Облысымызда 533 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр, 480 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Референдум ашық әрі әділ өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Дауыс беру қарқыны да жақсы. Қазақстанның азаматы ретінде еліміздің, балаларымыздың болашағы үшін өз дауысымызды беріп отырмыз. Бүгін қайырымдылық күні, сондықтан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, игі істерге ұйытқы болайық, — деді аймақ басшысы.


Қазіргі уақытта өңірдегі барлық референдум учаскелері белгіленген тәртіпке сай жұмыс істеуде. Дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету үшін бақылаушылар қатыстырылып, тұрғындардың еркін таңдау жасауына барлық мүмкіндік жасалған.


Дауыс беру рәсімінен кейін қала ақсақалдары жиналған қауымға ақ батасын беріп, ел бірлігі мен мемлекет тұрақтылығын тіледі.


Айта кетейік, республикалық референдум аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси үдеріске белсене қатысуда. Мұндай бірлік пен жауапкершілік қоғамның орнықты дамуы мен мемлекет тұрақтылығының берік негізі болмақ.


Фото: Altainews.kz 


 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив