
Алдағы күндері ШҚО-да ауа райы күрт суытып, қатты аяз күтіледі. Қазгидромет мамандарының айтуынша басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Арктикалық суық ауа массаларының келуі салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Республика бойынша батыс өңірлерде түнгі уақытта 15-25 градус аяз тіркелсе, солтүстік және орталық аймақтарда сынап бағанасы 28-37 градусқа дейін төмендейді.
Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта ауа температурасы 32-40 градус аязға дейін жетеді деп болжануда.
Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірлерде жел күшейіп, көктайғақ пен тұман байқалуы мүмкін. Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт суытуына байланысты сақтық шараларын күшейтіп, алыс жолға шыққанда қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.
Фото: ашық дереккөз