
Алматыда өткен республикалық «Daryn FIRST Qualifier 2026» робототехника фестивалі өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Фестивальдің қорытындысы бойынша Ұлан ауданындағы Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінің «Future Engineers Marsekov» командасы жеңімпаз атанып, үздіктер қатарынан көрініп, мектебінің мәртебесін көтеріп, халықаралық Kazakhstan Central Asia FIRST Championship 2026 жарысына жолдама алды. Аталған чемпионат 2026 жылғы ақпан айында Астана қаласында өтеді.
Робототехника фестивалінде инженерия, бағдарламалау және робототехника бағыттарында білімдері мен практикалық дағдылары бойынша сынға түсті. Фестиваль FIRST халықаралық бағдарламасының төрт санаты бойынша өтті.
Әр өңірден келген қатысушылар мәдени мұраны сақтау, тарихи деректерді цифрландыру және археологиялық зерттеулерге арналған инженерлік шешімдер ұсынды.
«Future Engineers Marsekov» командасына алдағы өтетін халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінуге сәттілік тілейміз.
Инабат Акетпаева