Заң мен тәртіп – өркениетті қоғамның өзегі

Құқық / Жаңалықтар 28-01-2026, 11:00 74 0

Қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі – заң мен тәртіп. Әрбір мемлекет өз азаматтарының құқығын қорғау, әділеттілікті орнату және қоғамдық қатынастарды реттеу үшін заң жүйесін қалыптастырады, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.



Ал бұл заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін күш – тәртіп. «Заң бар жерде әділет бар» деген қанатты сөз тегін айтылмаған. Заң мен тәртіп – өркениетті қоғамның өзегі, елдің тыныштығы мен болашағының іргетасы.


«Заң мен тәртіп» идеологиясының қағидаттарын ілгерілету және азаматтардың құқықтық санасын нығайту мақсатында Ұлан ауданының прокуратурасы ауданның білім беру ұйымдарында 9-11 сынып оқушыларымен «Құқықтық сауаттылық сағаты” аясында кездесулер өткізді.


Іс-шара сұрақ-жауап форматында және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған тапсырмаларды шешу арқылы өтті.


Мектеп оқушылары белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайларды талқылап, ашық пікір алысты.


Шара барысында оқушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заң талаптарын сақтауға және жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шаралар түсіндірілді.


  Жастардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру да маңызды міндет. Мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық сауаттылық сабақтарын күшейту, қоғамда заңға құрметпен қарау дәстүрін қалыптастыру – ұзақ мерзімді нәтиже береді. Өйткені бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат, – деді Ұлан аудандық прокуратурасының прокуроры Дина Искакова.


Қорытындылай келгенде, заң мен тәртіп – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі тірегі. Заң әділ болса және ол қатаң сақталса ғана қоғамда бейбітшілік пен әділдік орнайды. Тәртіп – адамның ішкі мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі, ал заң – сол тәртіпті қамтамасыз ететін құрал.


Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға деген құрметті ерте жастан қалыптастыруға ықпал етеді.



 

 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив