Тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан чемпионаты басталды

Спорт / Жаңалықтар 23-01-2026, 15:30 1 0

Өскемен қаласында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат басталды. Сайысқа Ұлан, Зайсан, Самар аудандарынан және облыс орталығынан келген 28 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі. 


Бұл жолғы турнирге қатысушылардың деңгейі жоғары. Мәселен, зияткерлік ойында бір спорт шебері, 12 спорт шеберіне кандидат және бірінші разрядты 15 ойыншы бақ сынауда. Ерлер арасында 16 қатысушы, ал әйелдер арасында 12 қатысушы тіркелген.


Аталған жарыстың іріктеу кезеңі ретіндегі маңызы зор. Өз санаттары бойынша 1 және 2 орын алған спортшылар ақпан айында өтетін республикалық чемпионатта Шығыс Қазақстанның намысын қорғайды.


   

«Көшпенділер алгебрасы» атанған тоғызқұмалақ ойыншылардан тек төзімділікті ғана емес, сонымен қатар терең стратегиялық ойлауды талап етеді. Бұл чемпионат еліміздің мәдени мұрасын дәріптеуді және облыс намысын республикалық деңгейде қорғайтын мықты спортшыларды іріктеуді мақсат етіп отыр. 


Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дипломдармен және медальдармен марапатталады.


 

Фото: ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив