Қоғамда құқықбұзушылықтың орын алуына жол берілмейді

Құқық 15-01-2026, 10:00 3 0

Ұлан аудандық прокуратурасының бастамасымен өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын кеңінен түсіндіру мақсатында аудан прокуроры Мұхамеджан Ділдәбекұлы Оразбаев  жұмыс сапары аясында Отрадное және Ново - Одесское ауылдарына барып, тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.

Аудан прокуроры Мұхамеджан Ділдәбекұлы тұрғындармен өткен кездесуде: «Ең алдымен тәртіпті өзіміз сақтауымыз қажет. Заң талаптарын әр азамат өз деңгейінде дұрыс орындаса, қоғамда құқықбұзушылықтың орын алуына жол берілмейді. Әркім өзінен бастап, заңға құрметпен қарауы тиіс», – деп атап өтті.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда өзекті мәселге айналған алаяқтыққа, буллингке және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ жасөспірімдерді қылмыстық әрекетке тартудың жол бермеу мәселелері бойынша жан-жақты заң талаптары түсіндірілді.

  Маңызды кездесуге жиналған ауыл тұрғындары мал жаю, жер қатынастары, ауыз сумен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді. Тұрғындар өздері толғандырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде кездесетін түрлі құқықтық мәселелерге қатысты нақты әрі заң аясындағы жауаптар алды. Сондай-ақ көтерілген мәселелерді шешудің тиімді жолдары ұсынылды
Прокуратура органдары заңдылықтың сақталуына тұрақты түрде қадағалау жүргізіп, азаматтардың құқықтары бұзылған әрбір жағдайға тиісті шара қолданатыны атап өтілді.

 Жиын соңында аудан прокуроры тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға белсенді үлес қосуға шақырды.  Мұндай кездесулер халықтың сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтарын дер кезінде қорғауға және жергілікті деңгейдегі мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Прокуратураның азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және олардың проблемаларына жедел араласуға дайын екендігін көрсетеді.

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив