ІІМ: "Қару" іс-шарасы аясында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

Құқық 15-01-2026, 09:00 4 0

Ішкі істер министрлігі ағымдағы 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ilove-ulan.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Іс-шараның нәтижесінде заңсыз айналымнан 340 қаруы және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленген.

– 14 криминалдық қару алынды. Оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару. Алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде 70 атыс қаруы тәркіленді. Сонымен бірге ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды, – деді Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Фото: Polisia.kz

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив