
Су тасқыны қаупі бар кезең қарсаңында құтқарушылар өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуде, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Құтқарушылар Ұлан ауданының Герасимовка ауылында жалғыз тұратын зейнеткердің ауласын және су жүретін арнаны қардан тазартуға, сондай-ақ инертті материал дайындауға көмектесті. Өйткені оның үйі су басу қаупі бар аймақта орналасқан.
Мамандардың айтуынша, осындай акциялар Глубокое, Шемонаиха, Тарбағатай Самар аудандарында және Өскемен мен Алтай қалаларында жалғасын табуда.
Фото/видео: ШҚО ТЖД