
Шығыс Қазақстанда «ОблШығысЖол» ЖШС-нің ақпаратына сәйкес, 19 ақпан күні сағат 12:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (көрінудің төмендеуі, жел) байланысты облыстық маңызы бар «Өскемен–Горная Ульбинка–Северное» автожолының 45-60 шақырым аралығында (Феклистовка ауылы – Северное ауылы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Облыс жолдары бойынша 12-15-тегі жағдай:
Автокөліктің барлық түрлері үшін жабық:
Республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесі:
1. «Өскемен–Риддер–РФ шекарасы» (15-105 км, Белоусовка кенті – Риддер қаласы);
2. «Алматы–Талдықорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы» (1104-1212 км, Глубокое кенті – Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы);
3. «Алматы–Талдықорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы» (1013-1062 км, Абай облысы шекарасы – Алмасай ауылына бұрылыс);
4. «Өскемен–Семей» (12-103 км, Казачье ауылы – Абай облысы шекарасы);
5. «Өскемен–Алтай–Үлкен Нарын–Катонқарағай–Рахман қайнары» (7-166 км, Ушановское ауылы – Алтай қаласы).
Облыстық маңызы бар автожолдың 1 учаскесі:
1. «Өскемен–Горная Ульбинка–Северное» (45-60 км, Феклистовка ауылы – Северное ауылы).
Облыстық маңызы бар автожолдың 1 учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері мен жолаушылар автобустары үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:«Шемонаиха–Секисовка» (0-56 км).
Фото: ашық дереккөз