
Төтенше жағдайлар кезінде әркім өзін және жақындарын қорғау үшін қалай дұрыс әрекет ету керектігін білуі керек. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесу үшін облыстық ТЖД құтқарушылары арнайы аудио-дәрістер әзірлеп, "Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада" таныстырды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Аудио-дәрістерде көптеген пайдалы ақпарат жинақталған. Мәселен, жер сілкінісі немесе өрт кезінде, сонымен бірге Шығыс Қазақстанға тән басқа да төтенше жағдайлар орын алғанда өзін-өзі қалай ұстау керектігі айтылады.
Қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратпен таныстырған соң құтқарушылар көзі нашар көретін адамдарға жер сілкінісінің алғашқы дүмпулеріне мінез-құлықты үйрету және қауіпсіз баспана орындарын анықтау үшін кітапхана ғимаратында сейсмикалық жаттығу өткізді.
Қауіпсіздік мәселелеріндегі ынтымақтастық шеңберінде құтқарушылар мен кітапхана басшылығы азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған сабақтар, жаттығулар, акциялар өткізуге мүмкіндік беретін меморандумға қол қойды.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі