Дауылды ескерту: 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан күндіз қар, бұрқасын күтіледі

Төтенше жағдай / Жаңалықтар 22-01-2026, 14:00 1 0
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 23 қаңтарда күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz  тілшісі. 


Облыстың солтүстігінде тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Өскемен қаласын тұман басады.


ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райы болжамы кезінде халықтан елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.


– Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге сүйрейтін арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, азық-түлік, шамдар сияқты заттарды жолға алуды ұсынады. Көлік жүргізушілер жылдамдық режимін сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы тиіс, – деді департамент мамандары.

Желдің қатты екпінінен тез арада ғимаратқа тығылыңыз, желден үй қабырғаларында, аялдамаларда, жарнама тақтайшалардың жанында, ағаштардың астында тығылмаңыз.Үзілген сымдар мен тербелмелі маңдайшаларға жақындамаңыз. Автокөлікті шіріген, ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанында қалдырмаңыз. 


Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.


 

 

 Фото: 

depositphotos.com

 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив