Шығыс Қазақстанда ертең қар жауып, бұрқасын күтіледі

Жаңалықтар / Төтенше жағдай 26-01-2026, 16:00 1 0

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 27 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жтпек. Тұрғындар елді мекендердің сыртына шығудан бас тартуы керек.


Халыққа, әсіресе жолдарда, сақтық шараларын қатаң сақтау қажет. Жаяу жүргіншілер көшелер мен жолдарды кесіп өту кезінде өте мұқият болуы тиіс. Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек. Ал көлік құралдарының жүргізушілеріне жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтағаны дұрыс.


Желдің қатты екпіні кезінде жарнама қалқандардың, автобус аялдамаларының, ағаштардың, электр желілерінің, металл қоршаулардың артына тығылмаған абзал. Автокөлікті ағаштардың, жарнама құрылымдардың, электр желілерінің астына тұраққа қоймау қажет.


Автожолдардың жай-күйі, дауылдың алдын алу туралы ақпаратты «Дәрмен» тегінұялы қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.


Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» телефоны бойынша хабарлаған жөн.


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив