Шығыс Қазақстанда ертең қалың тұман күтіледі

Жаңалықтар / Төтенше жағдай 25-03-2026, 15:00 1 0

"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 26 наурызда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


Өскемен қаласын түнде және таңертең тұман басады.


– Жүргізушілерді дауылды ескертуді ескеруге, жолда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін тиісті шаралар қабылдауы керек, – делінген филиал хабарламасында.


Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» телефоны бойынша хабарласу қажет.


Фото: Altainews.kz


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив