Дауылды ескерту: Шығыс Қазақстанда тағы да күн райы бұзылады

Жаңалықтар 22-02-2026, 14:00 2 0

"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 23 ақпанда облысында қар, бұрқасын болады.Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Өскемен қаласында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.


Мұндай ауа-райы жағдайында ұзақ сапарларды жоспарламаңыз, олардан бас тартыңыз. Егер шығу қажет болса, мұндай жолға мұқият дайындалыңыз.


Жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылаңыз – мұны «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы жасауға болады. Мүмкіндігінше, жолда байланысқа шығыңыз және қайда екеніңізді хабарлаңыз.


Жүргізушілерді дауылды ескертуді ескеруге, жолда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.


Желден үйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шатыр материалдарының құлауы мүмкін, қоғамдық көлік аялдамаларының, жарнама тақталарының артында, ағаштардың астында, электр беру желілерінің жанында тұрмаңыз. Автокөліктерді ағаштардың жанында, сондай-ақ әлсіз нығайтылған құрылымдардың жанында қоймаңыз. 


Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» телефоны бойынша хабарлаңыз.


 

Фото: istockphoto.com


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив