Байқаушылар референдум учаскелерінде өз қызметтерін мінсіз атқарып жатыр

Жаңалықтар / Қоғам / Саясат 15-03-2026, 17:30 1 0

Референдум барысында өңірдегі «Дауыс» тәуелсіз қоғамдық байқаушылар коалициясы штабының қызметкері Владимир Землянскийдің мәлімдеуінше, тәуелсіз байқаушылар өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқаруда, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.

– Біздің мекеменің мақсаты байқаушыларды өңірдегі жауапты саяси науқанға толық дайындау болған еді. Бүгін сол мүддеден шықтық деген ойдамын. Бұл функцияны атқаруға ерікті түрде жауапкершілігіне алған байқаушылар сәйкесінше даярлықтан өткізілді. Бүгін облыс бойынша әр учаскеде тиісті жұмыстарын атқаруда. Ал біз олармен орталық штабта отырып, сәт сайын байланысқа шығудамыз. Айта кетейік, науқан біз ойлағаннан да белсенді өтіп жатыр. Айтарлықтай, заң бұзушылық тіркелмеді, – деді Владимир Землянский.


Байқаушы атап өткендей, өңірдегі референдум комиссиялары өз жұмыстарын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, барынша сауатты өткізуде және бұл олардың бағалауынша өте қуантарлық жағдай.


 Фото: Altainews.kz


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив