Шығыс Қазақстан тұрғындары Гиннес рекордтар кітабына енуге әзірлік үстінде

Жаңалықтар / Мәдениет 12-03-2026, 16:00 2 0

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Өскемен қаласында Наурыз мерекесін тойлау кезінде ерекше рекорд орнатуға дайындық жүргізіп жатыр. Жоспар бойынша, үш мыңнан астам адам бір мезгілде домбырада әйгілі қазақ әні «Ақ бұлақ»-ты орындайды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz  тілшісі.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев хабарлады.


Әнді орындау 22 наурыз күні сағат 09:00-де қаланың орталық алаңында өтеді. Арнайы комиссия келіп, нәтижені тіркеп, кейін Guinness World Records-қа өтінім беру үшін рәсімдейді.


Акцияға кез келген шығысқазақстандық қатыса алады. Ол үшін 21 наурыз күні сағат 15:00-де орталық алаңда болатын дайындыққа келу қажет. Қатысушыларға қойылатын талап ұлттық киім, әннің сөздері мен әуенін алдын ала жаттау.


 Фото: ӨКҚ

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив