Республикалық бүгін жолдарда қар мен боран күтіледі

Жаңалықтар 5-03-2026, 09:00 1 0

5 наурыз күні бірқатар өңірлердегі республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы құбылып, кей жерлерде қар жауып, боран соғуы мүмкін, деп хабарлайдыIlove-ulan.kz тілшісі. 

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз ауа райы Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Түркістан облысы, Павлодар облысы және Ұлытау облысының кей аумақтарында күтіледі.


Осыған байланысты жүргізушілерге жолда аса мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауға және көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты қатаң ұстануға кеңес беріледі. Сонымен қатар жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескерген жөн.


Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.


Фото: depositphotos


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив