Шығыс Қазақстан тұрғындары волонтерлік қызмет бойынша үздік бестікке кірді

Жаңалықтар / Қоғам 27-01-2026, 16:00 3 0

Аймақта волонтерлік қызметтің танымалдылығы күннен-күнге артып келеді. Бұған дәлел 2025 жылы Ұлттық волонтерлік желі министрліктің тапсырысы бойынша жүргізілген «Волонтерлік салаға қоғамдық сенім деңгейін бағалау» атты зерттеу жұмысы, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


 Зерттеу нәтижесінде облыс тұрғындарының 95,3 пайызы волонтерлік қызметтің мәні мен маңызын түсінетіндігі анықталған.


 

Өңірде қайырымдылық пен өзгеге қолдау көрсету дәстүрі айтарлықтай дамыған. Тіпті, волонтерлікпен айналыспайтын адамдар да бұл бағытпен жақсы таныс.


Шығыс Қазақстан осындай көрсеткіштерімен Ақтөбе (99%), Қостанай (97,3%), Павлодар (96,3%) және Ақмола (96,3%) облыстарымен қатар волонтерлік туралы білім деңгейі жоғары өңірлердің алғашқы бестігіне енді.


Өткен жылдың 19 қарашасында аймақ тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жастарды волонтерлік қызметке тарту мақсатында «Мейірімді Шығыс» атты қайырымдылық акциясы бастау алды. Акция қоғам тарапынан кең қолдау тауып, ауқымы республикалық деңгейге дейін жетті.


Нәтижесінде шамамен 10 мың адам акцияға қатысып, волонтерлік қозғалыстың қоғамдағы рөлінің артқаны айқын көрінді. Бұл – өңірдегі жастар мен азаматтардың қайырымдылыққа, басқаға қолдау көрсетуге деген қызығушылықтарының айқын дәлелі.


 

Фото: ШҚО әкімдігі


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив