
«Казгидромет» ШҚ филиал деректері бойынша 21 наурызда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Мұндай метежағдайларда автомобильшілер мұқият болуы керек жылдамдық режимін сақтауы тиіс. Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін тиісті шаралар қабылдауы керек.
Төтенше жағдайлар кезінде «112» нөміріне хабарласқан жөн.