Қаңтардың соңғы күні Шығыста жел соғып, дауыл күтіледі

Жаңалықтар 31-01-2026, 09:00 0 0

«Қазгидромет» ШҚ филиалы деректері бойынша 31 қаңтарда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


Желдің екпіні кезінде сымдар мен тербетілетін заттарға жақындамаған жөн. Автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмау керек.


Мұндай метежағдайларда автокөлік иелері аса мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауы керек.


Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы тиіс.


Төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне дереу  хабарлау қажет.


 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив