Шығыс Қазақстанда республикалық референдум бойынша дауыс беру мәресіне жетті

Жаңалықтар / Қоғам 15-03-2026, 20:00 1 0

Шығыс Қазақстан облысында республикалық референдум аясындағы дауыс беру науқаны өз мәресіне жетті. Өңір тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


Бүгін облыста жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру барлық талапқа сай ұйымдастырылды.


Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Кинигул Бичуиновтың айтуынша, дауыс беру үдерісі заң талаптарына сәйкес өтіп, ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.


– Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 485 109 азамат енгізілді. Референдумды өткізу үшін 533 учаске жұмыс істеді, олардың жұмысына 3 мыңнан астам комиссия мүшесі тартылды. Жастардың белсенділігі де айқын байқалды. Учаскелерде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден 1,5 мыңнан астам бақылаушы, сондай-ақ ТМД-дан екі халықаралық бақылаушы жұмыс істеді. Дауыс беру барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Прокуратура органдарына немесе соттарға ешқандай өтініштер түскен жоқ, – деді комиссия төрағасы.


Осылайша, өңірде республикалық референдум жоғары ұйымдастырушылық деңгейде, ашық әрі заң талаптарына сай өтті.


Фото: Altainews.kz

 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив