Ұландық әжелер референдумда өз ұстанымдарын көрсетті

Жаңалықтар / Саясат / Қоғам 15-03-2026, 08:00 3 0

Ұландық әжелер референдумда ел болашағы жолында өз ұстанымдарын көрсетті


 

Ұлан ауданында республикалық референдум күні ерекше көрініске куә болған дауыс беру учаскелерінің бірі – №986 және №1165 учаскелері. Мұнда ауданның Әжелер кеңесінің мүшелері ақ жаулықтарын тағып, ұлттық киім – кимешектерін киіп, бір уақытта дауыс беруге келді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz  тілшісі.


Ұлттың салт-дәстүрін дәріптеп жүрген ақ жаулықты аналар бұл қадамымен ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымдарын тағы бір мәрте айқын көрсетті. Олардың айтуынша, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте қоғамның әрбір мүшесі өз таңдауын жасап, қоғамдық процестерге белсенді қатысуы маңызды.


Әжелер кеңесінің өкілдері үшін дауыс беру – тек саяси рәсім ғана емес, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Олар жас буынға елдік мәселелерге бейжай қарамаудың, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, мемлекет дамуына үлес қосудың маңызын үлгі ретінде көрсетуді мақсат етеді.


№986 және №1165 дауыс беру учаскелеріне келген әжелер ұйымының мүшелері референдумға қатысу арқылы жаңа Конституцияға қатысты өз таңдауын жасады.


Ақ жаулықты аналардың бұл бастамасы ұлттық дәстүр мен азаматтық белсенділіктің үйлесімді үлгісі ретінде бағалануда.


Фото: Ұлан ауданы әкімдігі


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив