
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысындағы ірі өзендердегі мұзды жару жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Бүгін Шемонаиха ауданындағы Усть-Таловка ауылы маңында Уба өзеніндегі теміржол көпірі ауданында 8208 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған аумақтағы жарылыс жасалған жерлерде өзендегі мұздың қалыңдығы шамамен 50 сантиметрді құрайды.
Жүргізілген жұмыстар Уба өзенінің су өткізу қабілетін арттыруға және мұз кептелістерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі