
2026 жылғы 21 қаңтарда Қасым Қайсенов кентіндегі “Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі” КММ базасында “Педагог-шебер тәжірибесі және жасанды интеллект мүмкіндіктері” тақырыбында аудандық workshop ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, “Ы. Алтынсарин” төсбелгісінің иегері Болаева Айнур Қантайқызының ұстаздық жолы мен озық педагогикалық тәжірибесіне арналды.
Іс-шара аясында “Ұлағатты ұстаз, ғалым-педагог Қ. О. Бітібаева мұрасы” тақырыбындағы көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде Қ. О. Бітібаеваның педагогикалық және ғылыми-әдістемелік еңбектері таныстырылып, оның ұлттық білім беру жүйесіндегі орны мен мұрасы кеңінен қамтылды.
Іс-шараға Ұлан ауданының педагогтері, жас мамандар, білім беру ұйымдарының директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Спикерлер қатарында Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ринат Жаманбаев және workshop авторы Айнур Болаева болды. Іс-шараны бөлім әдіскері Әлия Әбішева жүргізді.
Workshop жұмысы барысында педагогтің кәсіби қалыптасу кезеңдері таныстырылып, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі көрсетілді. Ашық сабақ, шеберлік сынып, TeachMeet форматындағы тәжірибе алмасу, зияткерлік IQ Time алаңы арқылы қатысушылар инновациялық әдістермен танысты.
Workshop қорытындысында қатысушыларға кері байланыс ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды. Аталған іс-шара қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы озық тәжірибені таратуға, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға бағытталған тиімді алаңға айналды.
Фото: Ұлан аудандық білім бөлімі