Ұлан ауданы аумағында жолдан шығып кеткен жүк көліне көмек көрсетілді

--- 23-01-2026, 09:00 0 0

Өскемен Семей тас жолының 25-шақырымында DAF XF жүк көлігінің жүргізушісі қолайсыз ауа райы салдарынан жол төсемінің жағдайын ескермей, басқаруды игере алмай, жолдан шығып кеткен,депхабарлайды ilove-ulan.kz тілшісі.


Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушіге қажетті көмек көрсетті.


  

Қосымша ерікті азаматтар тартылып, тасымалданған жүктің бір бөлігін түсіруге қолғабыс етті. Жүк көлігі арнайы техникамен қауіпсіз жерге шығарылды. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жүргізушінің түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылыту бекетін орнатты.


Полиция жүргізушілерге қыс мезгілінде, әсіресе, қала сыртындағы тас жолдарда ауа райы мен жол жағдайын ескеруге шақырады.


 

Фото: ШҚО ПД


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив