Каменка су қоймасында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Жаңалықтар / Төтенше жағдай 4-02-2026, 08:00 1 0

Бүгін таңертең Ұлан ауданы Каменка ауылдық округіне қарасты Каменка су қоймасынан екі автокөлікпен қайтып келе жатқан төрт балықшы ауа-райы жағдайына орай, қолайсыз жағдайда тап болған, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.     


Қар қалың түскендіктен әрі бос болғандықтан, автокөлік жолдағы арықтарда кептеліп, балықшылар автокөліктерімен өздігінен шыға алмай қалған. Жолда қалып қойған жолаушыларға жоғары өтімді техникаларымен құтқарушылар дер кезінде көмекке жетті.


– Балық аулаймыз деп жүріп, қар жауып кетіп далада қалдық. Қиын жағдайымызды түсініп, көмекке келген Өскемен қаласының құтқарушыларына алғыс айтамыз. Боран қатты соғып, көл жағасынан бері қарай негізгі трассаға шығу мұң болды, сегіз сағат қарлы боранмен арпалыстық. Шамамыз келмеген соң көмекке құтқарушыларды шақырдық, олар келмегенде халіміз мүшкіл болатын еді. Үлкен рахмет сіздерге, – деді құтқарылған балықшылар  

 

Облыстық ТЖ қызметінің құтқарушылары қар құрсауларын бұзып өтіп, балықшыларды тауып, жақындағы елді мекенге дейін жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.


– Облыста жақын күндері дауылды ескерту жарияланған, құтқарушылардың 112 қызметінің ескертулері мен ұсынымдарына мұқият болуға және ауа-райы жағдайларын барынша ескеру керектігін ескертеміз. Өз өмірлеріңізді қауіпке тәуекел етпеңіздер. Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмері бойынша хабар беріңіздер, – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

 


Дәурен Аллабергенұлы


Фото/видео: ШҚО ТЖД


 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив