Шығыс Қазақстанның су тасқыны кезеңіне дайындығы пысықталды

Жаңалықтар / Төтенше жағдай 20-02-2026, 11:30 2 0

Шығыс Қазақстан облысы аумағында жоғары дайындық режимі енгізілді. Су тасқыны қаупі кезеңінде жедел әрекет ету үшін азаматтық қорғау күштері мен құралдарының шамамен 3700 адамнан тұратын топтамасы жасақталды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz  тілшісі.    

 

Сонымен қатар 240-қа жуық мотопомпа, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 75 жүзу құралы және 500-ден астам техника дайындалды. 58,7 мың дана қап, 9957 тонна инертті материал және 386 тоннадан астам жанар-жағармай қоры әзірленді.


 

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 258 мың текше метрден астам қарды сыртқа шығарды. Су айдындарына тұрақты мониторинг жүргізілуде.


 

ТЖМ тұрғындарға көктемгі кезеңге алдын ала дайындалуды ұсынады: аула аумағын қардан тазарту, арықтар мен су ағатын каналдарды мұздан аршу — бұл еріген судың кедергісіз ағуына мүмкіндік береді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.


 

Фото/видео: ШҚО ТЖД


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив