
Өткен түнде облыстық маңызы бар «Өскемен – Тарғын – Самар» автожолында үш жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды,деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Оқиға орнына жоғары өтімділіктегі техника мінген құтқарушылар жедел жетті. Жолда қалған 10 адам, оның ішінде екі бала эвакуацияланды. Барлығы жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.
Бұған дейін күндіз құтқарушылар қолайсыз ауа райы мен автожолдардың жабылуы туралы ескерткен болатын.
Өңірдегі төтенше жағдайлар мамандары азаматтарды қырағы болуға, қолайсыз ауа райында жолға шықпауға және өзінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.
Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласқан жөн.
Дәурен Аллабергенұлы
Фото/видео: ШҚО ТЖД