Қаңтар айында Қазақстанда өндірілген автокөліктер саны артты

Жаңалықтар 19-02-2026, 14:00 1 0

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға жеңіл автокөліктерді ең көп жеткізген елдердің көш басында Қытай Халық Республикасы тұрдеп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.

Көршілерімізге елдегі тиісті импорттың 50 пайызы тиесілі. Одан кейін Жапонияның үлесінде 28 пайыз бар.


Қазақстанның автокөлік Одағының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстанда жиыны 14 102 жаңа автокөлік сатылған.


Оның 13 298-і – жеңіл көлік. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 25,2 пайызға артық.


Одақ өкілдерінің айтуынша, биылғы қаңтар айындағы басты жетістік барлық сатылған автокөліктердің 87,4 пайызы Қазақстанда өндірілген.


Фото: ашық дереккөз

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив