Ауданның елді мекендерінде ауыз су мәселесі оң шешімін табуда

Жаңалықтар 27-01-2026, 09:30 1 0

Ауылдағы ағайынға ең қажеті – жол мен су. Егер осы негізгі деген екі мәселе оң шешім тапса, онда ауылдың ажары артады, тіршілігі түзеледі. Мемлекет басшысының тапсырысы аясында ауданда ауыз су мәлелесі оң шешімін тауып, су құбыры желілері салынып, қайта жаңғырту жұмыстары жүрізілуде, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


 Ұлан ауданына жұмыс сапарымен ел Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев және Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков келді.


 Іссапар барысында оларға ауыз сумен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту жобаларының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Өз кезегінде мәртебелі меймандар Отрадное, Бозанбай ауылдары мен Асубұлақ кентіндегі  су құбыры желілерін аралап, көріп, атқарылған жұмыстың сапасына оң баға берді.


 

 – Ауыл жұртшылығы үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Қазіргі таңда халықты тіршілік көзімен қамтамасыз ету мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобалар халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және тұрмыс жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізеді, – деді Бақытжан Жүнісбеков. 

Сапар барысында қонақтар Ұлан ауданында ауыз су мәселесі оңды шешімін тауып қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқандығына көз жеткізді. Бұл ретте жұмысты дұрыс ұйымдастыру, жауапкершілігімізді есте сақтауымыз маңызды.


– Су – тіршілік көзі десек, оның сапалы болуы аса маңызды. Халық денсаулығының мықты болуы да судың сапасына тікелей байланысты. Келешекте тіршілік көзінен таршылық көріп отырған елді мекен тұрғындарының  да мәселесі шешілетін болады. Ол міндеттер билік өкілдерінің тұрақты назарында, – деді  Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев.   

 

Инабат Акетпаева
admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив