
Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіҚұрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жұмыс сапары аясында Ұлан ауданында сумен жабдықтау жобаларының іске асырылу нәтижелерімен танысты, депхабарлайды ilove-ulan.kz тілшісі.
Сапар барысында Комитет төрағасы Асубұлақ кенті мен Бозанбай ауылында жүзеге асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарының барысын қарап шықты. Аталған жобалар елді мекендерді тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға және аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Қазіргі таңда көрсетілген елді мекендерде су құбыры желілерін салу және жаңарту жұмыстары толық көлемде аяқталған. Инженерлік коммуникациялар мен нысандардың жай-күйін тексеру кезінде Бақытжан Жүнісбеков атқарылған жұмыстардың сапасына, жүйелі ұйымдастырылуына және белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударды.
Сонымен қатар Комитет төрағасы Ұлан ауданы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесіне уақтылы әрі белсенді түрде қосылуының маңыздылығын атап өтті.
Фото: Ұлан ауданы әкімдігі