Ұлан ауданында 7 мыңнан астам коммуналдық қызмет тұтынушысының құқығы қорғалды

Жаңалықтар / Заң 20-04-2026, 11:00 1 0

Ұлан ауданы прокуратурасының тексерісі кезінде аудандық әкімдікке қарасты «Молодежный» КМК және «Коммунальник» КМК жасасқан жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету туралы шарттардың «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.



Типтік келісімдерде міндетті шарттар көрсетілмеген, монополистердің халық алдындағы жауапкершілігі толық көлемде айқындалмаған, ал коммуналдық қызметтер үшін төлемді қайта есептеу тетіктері формалды сипатта болған.


Аталған заң бұзушылықтар жалпы алғанда ауданның 7 мыңнан астам тұрғыны мен 231 кәсіпкерлік субъектісінің заңды мүдделеріне нұқсан келтірді.


Прокурорлық қадағалау актісі бойынша тұтынушылардың құқықтары толық көлемде қалпына келтіріліп, шарт талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.


Жол берілген құқық бұзушылықтар үшін «Молодежный» КМК және «Коммунальник» КМК-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, мемлекет пайдасына жалпы соммасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.


Фото: ШҚО Прокуратурасы


 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив