Наурыз мерекесінде қосымша ондаған әуе рейстері іске қосылады: қай бағыттарға ұшуға болады?

Жаңалықтар 18-03-2026, 12:00 1 0

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз қарсаңында елімізде ішкі әуе қатынастары едәуір жандана түспек. Қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар сұранысының артуына байланысты қосымша рейстер санын көбейтеді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Air Astana және FlyArystan компаниялар тобы 16-29 наурыз аралығында ел ішіндегі ең сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс орындауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 80 рейс Алматы – Астана бағытына тиесілі.


Сонымен қатар Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал бағыттарына да қосымша ұшулар қарастырылған.


Ал SCAT әуе компаниясы да мерекелік күндерге орай қосымша рейстер ашады. 19-21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс және Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс орындалады. Ал 23-26 наурыз күндері Алматы – Астана бағытына тағы 4 рейс, сондай-ақ Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттарына бір-бір рейстен жоспарланған.


Ведомство мәліметінше, рейстер санының артуы ел өңірлері арасындағы көлік қолжетімділігін арттырып, мереке күндері азаматтардың еркін қатынауына мүмкіндік береді.


Жолаушыларға қосымша рейстер мен әуе билеттерінің қолжетімділігі туралы ақпаратты әуе компаниялардың ресми сайттарынан алдын ала тексеру ұсынылады.


Фото:Air Astana

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив