Азаматтар сайлау учаскесін eGov Mobile арқылы тексере алады

Жаңалықтар / Саясат 5-03-2026, 15:30 2 0

5 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар өздерінің қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін онлайн түрде тексере алады. Бұл қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталы арқылы қолжетімді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


Аталған сервисті пайдалану өте оңай. Екі платформаның да басты бетінде «Референдум» атты арнайы баннер орналастырылған. Сол баннерді басқаннан кейін пайдаланушы сайлау учаскесін тексеру қызметіне өтеді.


Мұнда азамат өзінің ЖСН-ін және тұратын өңірін енгізуі қажет. Осыдан кейін жүйе автоматты түрде қажетті мәліметтерді көрсетеді. Атап айтқанда, сайлау учаскесінің нөмірі, орналасқан өңірі мен ауданы, сондай-ақ дауыс беретін орынның нақты мекенжайы шығады.


Сонымен қатар, осы бетте «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімі де бар. Бұл бөлімде референдумға қатысты маңызды әрі пайдалы ақпараттар жарияланған.


 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив