ШҚО-да 5 360 белсенді кәсіпорынның 97,4 пайыз қызметкерлері міндетті сақтандырумен қамтылған

Жаңалықтар / Еңбек адамы 25-02-2026, 11:00 7 0

Жақында өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Шығыс Қазақстан облысындағы еңбек саласының ахуалы талқыланды. Жиында өңірде қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы оң өзгерістер атап өтілді, деп хабарлайды деп хабарлайды Ilove-ulan.kz  тілшісі.


 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 5 360 белсенді кәсіпорынның 97,4 пайызы қызметкерлерін міндетті сақтандырумен қамтыған. Бұл – жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігі артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, 191 378 жалдамалы жұмыскердің 93,02 пайызының еңбек шарты рәсімделген.


 

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 1889 өтінішті қарап, 402 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 512 заңбұзушылық анықталып, 149 әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы айыппұл көлемі 39,7 млн теңгені құрады.


 

Сондай-ақ, кәсіподақтармен бірлесіп 699 ұжымдық шарт цифрландырылды. Ең маңыздысы – өңірде өндірістік жарақаттану деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға төмендеген.


Мамандардың айтуынша, бұл еңбек қауіпсіздігін күшейту және бақылау тетіктерін жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.


 

Фото: ҚР ЕжХӘҚМ 


 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив