Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен шағын несие беру жалғасуда. Бұл жоба ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.
Шағын несиенің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, негізгі қарызды өтеу бойынша 12 айға дейін жеңілдік кезеңі көзделген. Несие кепілдікпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Бағдарлама аясында ұсынылатын жобалар жаңа жұмыс орындарын құруды және ауылдық округтерді дамытудың басым бағыттарына сай болуын міндетті түрде ескеруі қажет. «Ауыл аманаты» бағдарламасы - өңір тұрғындарына өз кәсібін дамытуға, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және ауыл экономикасын нығайтуға бағытталған тиімді қолдау тетігі.
Айта кетейік, биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасын жалғастыруға 100 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Қаражаттың шамамен 60 млрд теңгесі 600-ге жуық кооперативті қолдауға бағытталмақ.
Фото: ашық дереккөз