Ұлан ауданында көлдер аумағында тыйым салу белгілері орнатылуда

Төтенше жағдай 16-01-2026, 10:30 3 0

Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен жергілікті атқарушы орган мамандары өзен-көлдердегі мұз үстіне автокөлікпен шығуға тыйым салынатынын ескертетін арнайы белгілерді орнату жұмыстарын жалғастыруда деп хабарлайды Ilove-ulan.kz.

Мамандардың мәліметінше, Ішкі істер министрлігінің «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, автокөліктерге мұз үстімен тек арнайы белгіленген өткелдер арқылы жүруге рұқсат етіледі. Белгіленбеген жерлерде мұз бетіне автокөлікпен шығуға қатаң тыйым салынған.

Қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға және өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырады.


admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив