Елімізде кассациялық соттар жұмысын бастайды

Жаңалықтар 25-06-2025, 12:23 5 0

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 шілдеден бастап үш кассациялық сот құрылып, өз жұмысын бастайды. Бұл туралы Астанада өткен Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жаңа органдағы кадрлық құрам тәжірибелі судьялардан жасақталуы тиіс.

Сондықтан жуырда судьяларға қатысты конкурс өтті. Оның нәтижесінде 75 үміткерді «Кассациялық соттың судьясы» лауазымына тағайындау үшін арнайы кеңестің оң қорытындысы берілді. Қазір Жоғары сот кеңесі қоғам сенімін арттырып, оң имидж қалыптастыру мақсатында судьяларды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етіп келеді.

Дмитрий Малахов, ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы: - Жоғары сот кеңесі Кассациялық соттардың судьяларын іріктеу бойынша тыңғылықты жұмыс жүргізді. Барлық үміткерлер жан-жақты іріктеуден өтіп, нәтижесінде бұл лауазымға лайықсыз кандидаттың тағайындалуына жол берілмеді. Әр үміткерге қатысты барлық деректер зерделенді. Конкурсқа қатысу үшін заңда белгіленген іріктеу талаптарымен қатар «Кассациялық соттардың судьялары» лауазымына үміткерлерді Судьялар қауымдастығы мен Азаматтық қоғам өкілдері де қарастырды.

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив