Облыста жастар арасында шаңғы жарысынан спорт-фест өтеді

Жаңалықтар / Спорт 20-01-2026, 12:00 1 0

24 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында жастарға арналған шаңғы жарысынан спорт-фест ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ilove-ulan.kz тілшісі.


Іс-шараның басталуы сағат 10:00-де. Спорттық жарысқа 16 жастан бастап облыстың мектеп оқушылары, студенттері және белсенді жастары қатыса алады. Жас ерекшелігіне қарай 16-17 жас және 18-20 жас санаттары бойынша сынға түседі.


Спорт-фестің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған.


Жарыс Комсомол аралында өтпек. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.


Қатысуға ниет білдіргендер төмендегі байланыс нөмірлері арқылы тіркеле алады:


+7 707 811 79 59


+7 705 135 38 40


Спорт – тәртіптің, денсаулықтың және дұрыс таңдау жасаудың кепілі!


 

 

admin

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив